деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Медресенің ашылу салтанаты Құрбан айттың алғашқы күні өтті.
Діни курс ер адамдарға арналған. Онда 30-ға жуық адам қабылданбақ. Оқу мерзімі - 6 ай.
«Медресе Қазақстанның Діни басқармасының қолдауымен ашылып отыр. Мұнда Ислам университеттері секілді жоғарғы оқу орындарына дайындайды. Араб тілі, Құран Кәримді үйрену, Ислам негіздерінен сабақтар жүргізіледі»,- дейді Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешітінің бас имамы Тілепберген Алламжарұлы.