24 қаңтардағы жағдай бойынша Курчатов қаласының аумағында қаланың әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлерін жылумен қамтамасыз етіп отырған бес қазандықтың жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті.
23 қаңтарда жергілікті әкімшілік басшыларынан, төтенше жағдайлар және коммуналдық шаруашылық қызметтерінің өкілдерінен жасақталған комиссия құрылды. Комиссия жұмысының барысында:
1 қазандық бойынша шығаберістегі ыстық судың температурасы - 77 С, қайту температурасы -54 С;
2 қазандық бойынша шығаберістегі ыстық судың температурасы - 65 С, қайту температурасы -52 С;
3 қазандық бойынша шығаберістегі ыстық судың температурасы - 81 С, қайту температурасы -51 С;
4 қазандық бойынша шығаберістегі ыстық судың температурасы - 69 С, қайту температурасы -51 С;
5 қазандық бойынша шығаберістегі ыстық судың температурасы - 66 С, қайту температурасы -62 С екендігі анықталды.
Қазіргі таңда қаладағы барлық қазандықтар штаттық режімде жұмыс істеп, барлық әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуде. Курчатовтағы тіршілікті қамтамасыз етуші нысандарда штаттан тыс немесе апатты жағдайлар тіркелген жоқ. Қазандықтарда отынның нормативті қоры жасақталып отырғаны да анықталды. Қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметіне қауіп төндіріп отырған жағдайлар анықталған жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Дегенмен, облыс пен қаланың төтенше жағдайлар қызметтеріне Курчатов тұрғындарының пәтерлеріндегі температура режімін тексеру және қажет болған жағдайда, билік органдарының мүдделі құрылымдарымен бірлесе отырып оларға жылу проблемаларын шешуге көмектесу тралы нұсқау берілді.