Адамдар өрт пен көзді ашытатын түтіннің ішінде қалған. Төртінші қабатта пәтердегі бұйымдар, жиһаздар, терезелер, еден мен ағаш конструкциялар отқа оранған. Көрші пәтерлерді де шарпыған жалын мен қара түтін 3,4,5 қабаттардың терезе жақтауларын зақымдаған.
Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі сағат арпалысқан, оқиға орнында 3 автоцистерна жұмыс істеді. Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін тұрғындар үйлеріне оралды.
Қазір оқиға орнында ШҚО ТЖД мамандары жұмыс істеуде. Олардың болжамы бойынша, өрттің тұтануына отты пайдалануда сақтық шараларының сақталмауы себеп болған.