деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, палуандарымыз бір алтын, бір күміс және екі қола жүлдені жеңіп алды. «Белдесулер жеті салмақ дәрежесі бойынша өтті. Біз үшін 60 киләға дейінгі салмақ дәрежесі табысты болды. Мұнда өнер көрсеткен Алмат Кебісбаев чемпион атанды. Ол финалда американдық Джозеф Самуэльді жеңді. Кебісбаев осы құрметті турнирдің жеңімпазы атанған бесінші қазақстандық палуан», делінген «Біздің спорт» сайтының хабарламасында.
Оның мәліметінше, құраманың көшбасшыларының бірі, 96 килә салмақта өнер көрсететін Әсет Мәмбетов ақтық сында ресейлік Рүстем Тотровтан жеңіліп қалған. 84 килә салмақта Алхазур Оздиев, ал 120 килә салмақта Нұрмахан Тынәлиев құрама қоржынына қола жүлде салған. Жалпы алғанда, құрама жаттықтырушылары палауандарымыздың өнеріне тәнті болған, себебі жарысқа барғандар тәжірибелік құрам болған.