Кұрлықтық хоккей лигасы мен Қазақстан чемпионаты клубтарының жанкүйерлері арасында хоккей турнирі өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Мамырдың 8-9-ында Астанада Кұрлықтық хоккей лигасы мен Қазақстан Республикасы чемпионаты клубтарының жанкүйерлері арасында хоккей турнирі өтеді.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып отырған турнирге хоккей клубтары: «АвтоФАН» (Екатеринбург), «Омские Ястребы» (Омск), «Ертіс» (Павлодар), «Арлан» (Көкшетау) және «Барыс-Фанс» (Астана) жанкүйерлері командалары қатысады.

Омбыда өткен осындай турнирде, атап айтқанда «Батылдық Кубогы» турнирінде астаналық жанкүйерлер жеңіске жеткен болатын.