К.Дүйшебаевтың айтуынша, Қ.Бакиев қасында 15-20 адаммен облысты аралап жүр. «Біз оның қайта болғанын білеміз. Біз қарулы қақтығыстар болмауы үшін қатаң шаралар қолданудамыз. Ағайынды Бакиевтердің ақылмен әрекет жасауына сенеміз», - деді К.Дүйшебаев.
Сондай-ол К.Бакиевтің Мемлекеттік күзет қызметін басқарған інісі Жаныш Шу облысында жүргенін айтты. Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін атқарушы Ж.Бакиевті өзі келіп мойынсұнуға шақырды.