Құрсаудың алынған күні Санкт-Петерборда Жеңіс алаңында 900 шар ұшырылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ленинградты фашистік құрсаудан толық азат етілген қаңтардың 27-сі күні Жеңіс алаңында Ленинградты қаһармандықпен қорғаушылар монументіне салтанатты-қаралы гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Ресми іс-шаралар барысында Ленинград қорғанысының 900 қаһармандық күнінің нышаны ретінде аспанға қызыл түсті 900 шар ұшырылады

Бұл акцияның ұйымдастырушысы Санкт-Петербор Жастар кеңесі және «Ортақ іс» жастар қозғалысы болды. Әуе шарларын Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және қоршаудағы Ленинград тұрғындарымен бірге жастар қозғалысының еріктілері алып шығады.