Күршім ауданында бір күнде бірнеше нысан пайдалануға берілді - ШҚО

КЕМЕН. 10 қазан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Күршім ауданында қатарынан бірнеше нысанның салтанатты ашылуы болды.

Іс-шара Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.

Пайдалануға берілген нысандардың алғашқысы Төсқайың ауылында Қара Қаба өзеніне салынған көпір. Былтыр тамыз айында «Зайсан құрылыс» ЖШС мердігер компаниясына көпірдің құрылысын жүргізуге бюджеттен 216 млн теңге қаржы бөлінген болатын. 80 тонна жүк көтеретін жаңа көпірдің ұзындығы 84,5 метр.

Өңір басшысының Күршім ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Теректі ауылында қайта жаңартылған су жүйесінің БВУ-20 су тазалау құрылғысы іске қосылып, Теректі №1 орта мектебінің және мектеп жанындағы кіші орталықтың және мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті.

Сонымен қатар Теректі ауылында «Бірлігіміз жарасқан» жастар форумы өтті.