Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ауылда бұл нысандардың ашылу салтанаттары өтті. Жаңа балабақшаның арқасында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жүз пайызды құрады.
Спорттық модульді салуға облыс бюджетінен 200 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. 600 шаршы метрден асатын спорт зал блогы ойын және оқу-жаттығу алаңдарына бөлінген.