Құс жолының орталығы бір мезгілде үш телескоппен суретке түсірілді

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Американдық ғарыш агенттігі Құс жолының орталық бөлігінің фотосуретін жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Фотосурет және оның сипаттамасы NASA сайтында орналастырылған.

  Фотобейнеге бірнеше телескоптың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді. Мысалы, суреттегі аспан аймағы «Хаббл» телескопымен - оптикалық «Чандра» телескопымен - рентген, ал «Спитцер» телескопымен инфрақызыл диапазонда түсірілген. Тұтас бір бейне алу үшін түсірілген суреттер өңделген және біріктірілген.