Құтқарушылар қираған Луганск ауруханасының үйінділері астынан мерт болғандардың барлығын тапты

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Құтқару қызметі Луганскідегі нөмірі 7-інші аурухана жарылысының орнындағы апаттық-құтқару жұмыстарын аяқтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.

Жалпы жиыны, үйінділер астынан мерт болғандардың 16 мәйіті алынды. Осылайша, қаңтардың 19-ындағы таңертеңгі жағдаймен салыстырғанда Луганск ауруханасында оттегі баллоны жарылысынан құрбан болғандардың саны 8 адамға артты.

Аурухана үйіндісі астында мерт болғандардың барлығының мәйіттері анықталды. Олардың тоғызы - аурулар, алтауы - медициналық мекемесінің қызметкерлері және біреуі келуші адам болған.