Қалқаман күрежолдық медициналық-құтқару пунктінің күштері автобустағы 15 жолаушыны ауылдағы орта мектеп ғимаратына эвакуациялады. Адамдар ыстық шаймен қамтамасыз етілді, ауылдағы медицина қызметкерлеріне қаралды, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД. Зардап шеккендер жоқ.
Сағат 10.40-та автобус жөнделгеннен кейін, жолаушыларды отырғызып бағыты бойынша өз жүрісін жалғастырды.