Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы «Көмір» ВАСС-тың бас инженері Геннадий Селинский хабарлады.
Мәлім етілгендей, бүгін түнде Күзембаев атындағы шахтада газ мен көмір массасының кенеттен шығуы орын алған. Төтенше жағдайдың салдарынан екі кенші үйінді астында қалды.
Шахтадағы іздеу-құтқару жұмыстарын кен құтқарушылардың екі отряды жүргізіп жатыр, деп хабарлады ол.