Облыстық пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қабылдауға келген азаматтарды негізінен, сотталғандарды шартты-мерзімінен бұрын босатуға қатысты мәселелер, тергеудегі тұлғаға кездесуге жағдай жасаудың шарттары, Қазақстанда рақымшылық жасаудың мүмкіндіктері, сондай-ақ азаматтардың қылмыстық-атқару жүйесіне жұмысқа тұруларымен байланысты мәселелер толғандырған.
Қойылған барлық сауалдарға егжей-тегжей жауап берілді.