Құжатқа сәйкес, 2011 жылдың 1 мамырынан бастап қарттарға және мүгедектерге арналған интернат-үйлердің, балалар үйлерінің, ересектерге арналған психоневрологиялық интернат-үйлерінің қызметкерлері үшін, мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдарды үй жағдайында күтетін әлеуметтік қызметкерлер үшін базалық жалақы көтерілді.
Осы құжатпен аталған санаттағы қызметкерлердің жаңа жалақы жүйесі бекітілген.