«Қайрақ» кедендік бекетінде полицейлер ішінде 17 адам болған шағын рейстік автобусқа тінту істерін жүргізген. Олардың барлығы ақша табу үшін Қырғызстаннан Ресейдің Челябі қаласына кетіп бара жатқан болатын.
«Автобустың еденінен ішіне 1 килограмм гашиш салынған қара папка табылып, тәркіленді», - деп хабарлады брифингіде Қостанай облысы ІІД басқарма бастығы Елена Кашарина. Оны тасымалдаған адам анықталып, қамауға алынған.
ҚР ҚК «Есіртік заттарын контрабандасы» туралы 250 бап, 4-ші бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер 15 жылдан 20 жылға дейін, немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.