17 шілдеде сағат 18.30 ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекара жасағы «Қордай авто» өткізу бекетінде 1979 жылы туған Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Ол Қырғызстаннан Қазақстан Республикасына «Мерседес бенц» көлігімен келе жатқан.
Арнайы иттің көмегімен көлікті автомобильді тексеру кезінде артқы орындықтың астында сұр түсті зат табылды. Бұл салмағы 9 келіден асатын героин болып шықты.