Қырғызстан денсаулық министрлігінің хабарлауынша, қаза болған 14 адамның кім екендігі анықталған жоқ

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер салдарын қаза болған 14 адамның кімдер екені анықталмай отыр. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап «КАБАР» агенттігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, республика бойынша тәртіпсіздіктер кезінде медицина мекемелеріне 1 522 адам жүгінді, олардың 522-сі ауруханаларға жатқызылды, 75 адам қаза болды.

«Өткен түн салыстырмалы түрде тыныш өтті, әртүрлі жарақаттармен 49 адам келді. Біз барлық ауруханалармен байланыс жасап отырмыз, денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Д.Ниязалиева емдеу орындарын аралап шықты», деп хабарлады штабтан.

Денсаулық сақтау министрлігі өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан өзінің дәрігерлік борышын атқаруды жалғастырған барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.