Құжатқа сәйкес, ҚР Сыртқы істер министрлігіне аталған хаттама күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді ҚР орындауы туралы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың ықпалдасу комитетін құлақтандыру тапсырылды.
ЕурАзЭҚ - бiртұтас сыртқы экономикалық саясаттың, тарифтердің, бағалардың және жалпы нарықты құрайтын өзге де жайттарды өңдеп, оған кiретiн мемлекеттердiң ортақ сыртқы кедендік шекарасын қалыптастыруға байланысты қызметтерді атқаратын халықаралық экономикалық ұйым.