«Қазіргі кезде қырғыз картобына шекара жабылды. Бұған орынды себеп бар, яғни алтын түстес жұмыр құрттың таралуына жол бермеуге қатысты жасалып отыр. Азық ретінде осы картопты пайдаланған кезде қатер жоқ, алайда ол басқа дақылдарға жұғуы мүмін. Бұл құрт түйнекке түсіп, кейіннен топырақта жиналып, басқа дақылдарға зақым келтіреді. 10 жыл мерзімде өнім шығымдылығының 90 пайызына дейін залал келтіруі ықтимал. Өте қауіпті өсімдік ауруы», - деді Қ. Бисетаев.
Осы ретте ол тиісті органдар қыс мерзімінде бұл ауруды картоптан анықтағанын айта келе, ақпан айының басында одақ Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстанға карантиндік аурудың картоппен бірге енуіне шектеу жасау өтінімін жасағанын жеткізді.
«Біздің өтінімге қолдау жасалды. Дегенмен бұл үдеріс ұзаққа созылды, яғни 2 айдан астам уақытқа жалғасты. Бірақ та шектеу жасалды. Бұл құрт қапшықтармен, ыдыстардағы топырақпен алысқа таралуы мүмкін. Біздің ойымызша, бұл құрты бар картоп тұқым ретінде пайдаланылуы қаупі бар. Осы ретте бұдан кейінгі уақытта да ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шеттен келетін қатерлерге жедел әрекет етеді деп сенеміз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен Қазақстан Қырғызстаннан картоп әкелуге уақытша тыйым салғанын хабарлады.
«Соңғы кезде Қырғыз Республикасынан карантинді нысан - Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens алтын түстес картоп вирусін жұқтырған өнімді жеткізу жағдайлары жиіледі. Ағымдағы қаңтар айынан бері ғана вирус жұқтырған картопты әкелудің 79 оқиғасы анықталып, оған жол берілмеді, Қырғыз Республикасына бұл көкөністің 1000 тоннадан астамы кері қайтарылды», - делінген хабарламада.
Картоп глободерозына әкеліп соқтыратын бұл вирус өте зарарлы екенін атап өту керек. Картоп өнімінің сапасын жоғалту көрсеткіші 25-тен 90 пайызға дейін жетеді, бұл топырақтың зарарсыздануы мен сұрып тұрақтылығына байланысты.