29 мамырда Астанадағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы кезінде Қырғызстанның КО-қа қосылуы бойынша шаралар жоспарына қол қойылды. Қазіргі кезде Қырғызстанның КО және БЭК-ке қосылуы үшін қажетті заң жобалары парламенттің қарауында жатыр. Үкімет Қырғызстанның интеграциялық бірлестікке қосылуға қажетті барлық құжаттарды қабылдауға үлгереді деп есептейді.
«Қырғызстанның Кедендік одаққа кіру туралы шартқа қол қою 23 желтоқсанға жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді Исаков.
Оның айтуынша, құжатқа қол қою Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен өтетіні күтілуде.