Премьердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс соңғы бес жыл бойына тоқтатылған болатын. Министрлер кабинетінің басшысы өз сөзінде атап көрсеткендей, үкіметаралық комиссияның мәжілісінде шекараны анықтау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді. Ертең Қырғызстан облыстарының губернаторларымен болатын кездесуде оңтүстік өңірдің шекарасы нақтыланатын болады.
Д.Үсенов сондай-ақ, қазіргі таңда Қытаймен және Қазақстанмен арадағы осындай жұмыстардың аяқталғанын атап көрсетті.