Жогорку Кенеште өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілгендей, Р.Отынбаеваның орынбасарлары болып тағайындалған Алмазбек Атамбаев - экономикалық блокқа, Темір Сариев - қаржы және несиеге, Өмірбек Текебаев - конституциялық өзгертулерге, Әзімбек Бекназаров - прокуратура мен сотқа, Исмаил Исақов - күш-қуат құрылымдарына жауап береді.
Кеше, сәуірдің 7-сінен 8-іне қараған түні Болотбек Шерниязовты Қырғызстанның - ішкі істер министрі, Кенешбек Душейбаевты - Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы, Турат Мадылбаевты Бішкек қаласы Ішкі істер Бас басқармасының бастығы етіп тағайындау туралы шешім қабылданған болатын.