Қырғызстан территориясында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 12 сағат 34 минут кезінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 471 шақырым жерде, Қырғызстан территориясында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1 болса, магнитудасы MPV 4.3, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.

Сілкіністің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.