Бұл туралы КирТАГ Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Тұрғындар санының өсу көрсеткіші Баткен және Ош облыстарында, сонымен қатар Бішкек қаласында (1,2%), ал төменгі көрсеткіш Нарын және Ыстықкөл облыстарында (0,4-0,6%) байқалған.
2015 жылдың қаңтар-маусым айларында АХАЖ органдарында 78,6 мың жаңа туған сәби мен 17,4 мың адамның өмірден озғаны тіркелді. Сөйтіп, тұрғындар өсімі 61,2 мың адамды немесе 1000 тұрғынға 20,8 құрады.