деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, ауырғандардың барлығы да Жалал-Абад облысының Ноокен ауданында тұрады.
«Ауру жұқтырудың көздері беймәлім, алдын ала болжам бойынша бұл адамдар тазартылмаған суды ішкен», - деді ТЖМ баспасөз қызметінің өкілі. Ауырғандардың барлығы да ауруханаға жатқызылды, олардың жай-күйі тұрақты деп бағалануда. Ауданда алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.