Бұл туралы бүгін журналистерге Қырғыз Республикасының денсаулық сақтау министрі Марат Мәмбетов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан Қырғызстанға «Тамифлю» препаратының 40 мың дозасы түсті. «Оған қоса, жақын арада ДСҰ бізге тұмаудың аталмыш түріне қарсы 130 мың вакцина береді», - деді М.Мәмбетов.
Министрдің орынбасары Мадамин Қаратаевтың айтуынша, 2010 жылы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасында A/H1N1 тұмауының зертханалық расталған 288 оқиғасы тіркелді, оның 262-сі - жергілікті оқиға, 26-сы - сырттан әкелінген.
Жалпы алғанда, республикада «доңыз тұмауынан» басқа инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты.