Бұл туралы журналистерге ел уақытша үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаев жария етті, деп хабарлайды РБК.
Қазір осы операцияны бастау туралы мәселе шешілуде: Қырғызстан үкіметі қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындар тарапынан жаңа құрбандықтарға жол берілуінен қауіптенеді. А. Атамбаев Қ. Бакиевты өзін қорғау үшін шерулер ұйымдастырып, жақтастарын «ұятқа қалдыруда», деп мәлімдеді.
Қ. Бакиевтың егер кімде-кім өзінің өміріне қауіп төндірсе, онда ел «қанға боялады» деп уәде бергенін еске саламыз. «Егер оппозиция күш қолданар болса, менің жақтастарым олардың қимылына қарсы шығады, ал бұл қантөгіске ұшыратады», - деп сендірген болатын орнынан алынған республика басшысы.
Құрманбек Бакиев уақытша үкіметтің заңдылығын мойындаудан бас тартқан-ды, алайда өзінің келіссөз үстеліне даяр екенін де мәлімдеген еді.
Бұған дейін Қырғызстанның уақытша үкіметі 81 адамның өлімі үшін жауапкершілікті Қ. Бакиевке жүктейтінін хабарлаған болатын.