деп хабарлайды РБК агенттігі.
РБК агенттігіне дерек көздің хабарлауынша, Ош қаласында бүгін екі митинг басталды, біріншісі - республиканың жаңа билігін қолдаушылардың, екіншісі - оларға қарсылардың жиыны болды. Нәтижесінде уақытша үкіметті жақтаушылар мен олардың қарсыластарының арасында кішігірім қақтығыс орын алып, одан кейін бакиевшілер Ош облыстық әкімшілігінің ғимаратына басып кіреді.
Дерек көздің айтуынша, олар бұрынғы өкіметті қайтаруды талап етіп, жақында ғана халыққа таныстырылған республика конституциясының жаңа нұсқасына наразылық білдіруде. Роза Отынбаева бастаған оппозицияны билікке алып келген сәуір айындағы революция да Таластағы, одан кейін Нарын және Шу облыстарындағы облыстық әкімшіліктерді басып алудан басталған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Беларус елінде саяси пана алған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев, елге президент ретінде оралу ниеті жоқ екенін мәлім еткен болатын. Ал Қырғызстанның уақытша үкіметі болса, Беларус елінен Қ.Бакиевті экстрадициялауды талап етуде.