Р.Отынбаеваның атап көрсеткеніндей, жаңа үкімет мүшелерінің кейбірі президентті дербес құқықтығынан айыруды ұсынуда.
Естеріңізге ала кетейік, Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер 2010 жылғы сәуірдің 6-сында оппозицияның Халықтық құрылтайының (съезінің) қарсаңында оппозиция көшбасшыларының бірі ұсталуынан кейін басталды. Бұдан кейін толқулар Қырғызстанның басқа қалаларында өріс алды, ал 2010 жылғы сәуірдің 7-сінде ел астанасы - Бішкекте оппозицияның жаппай бой көтеруі басталды. Өкімет орындары қарсыласушыларға күш қолданды, суық қарулардан оқ атты. Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер салдарынан 79 адам қазаға ұшырады. Қарсыласушылар қалада өкімет орындарын басып алып, оппозиция көшбасшысы Роза Отынбаеваның басқаруымен уақытша үкімет құрды. Қырғызстан президенті тұрғындары қолдау көрсеткен елдің оңтүстігіне кетуге мәжбүр болды. Жаңа өкімет оның екі ұлы - Максим және Марат Бакиевтерге, сондай-ақ президенттің туған інісі, Қырғызстанның мемлекеттік күзет қызметін басқарған Жаныш Бакиевке іздеу жариялады. Тергеу тобының пайымдауынша, сәуірдің 7-сіндегі тәртіпсіздіктер кезінде Ж.Бакиев күш құрылымдарында оқ жаудыруға бұйрық берген деп айыпталуда.