Қырғызстанда жаңа президент қазанның 10-ында сайланады

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанда президенттік сайлау қазанның 10-ында өтеді. Бұл туралы республиканың уақытшы үкімет басшысының конституциялық реформа жөніндегі орынбасары Өмірбек Текебаев мәлім етті.

Оның айтуынша, президенттік сайлауға дейін конституция реформасы бойынша референдум болады. Ол маусымның 27-сіне белгіленіп отыр.