«Ұлттық Ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметтері бойынша, күші 5 балдық жер сілкінісі қаңтардың 19-ы күні жергілікті уақыт 23 сағат 35 минутта (мәскеу уақыты бойынша 20.35-те) орын алды. Зілзала кіндігі Талас шатқалының етегінде, облыс орталығы - Талас қаласының оңтүстік-батысында 50 шақырымдай жерде тіркелді», деп хабарлады ведомстводағы дерек көз.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар мен қираулар жоқ.