Қырғызстандық азаматқа қазақстандықтардың 8 автокөлігін алаяқтық жолмен иеленген деген күдік келтірілуде

БІШКЕК. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -Қырғызстандық азаматқа қазақстандықтардың 8 автокөлігін алаяқтық жолмен иеленген деген күдік келтірілуде,

деп хабарлайды Қырғызстанның Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясына Қырғызстанның А., деген азаматына қатысты шаралар қабылдау туралы Қазақстанның үш азаматынан өтініш түскен. Жедел-іздеу шараларының барысында, әлгі А., деген азаматтың Қазақстан азаматтарының сеніміне кіріп, жалпы сомасы 74 400 АҚШ долларының 8 автокөлік құралына ие болғаны және көлік иелерінің келісімінсіз машиналарды Қырғызстан аумағында сатқаны анықталады.

Осылайша, А., Қазақстан азаматтарына аса ірі көлемде шығын келтірген. Аталмыш факті бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-шы бабы 3-ші тармағы 2-ші тармақшасы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалы жүргізілуде.