Қырғызстандық дзюдодан үшінші рет әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандық Жаркынбек Шамбетов Италияда дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында алтын алды.

Бұл туралы Кабар Қырғызстанның аталмыш спорт түрінен ұлттық федерациясына сілтеме жасап хабарлады.

Чемпионат 30 қыркүйектен 3 қазанға дейін Олбия қаласында 30 жастан бастап және одан үлкен спортшылар арасында өткен.

Шамбетов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрт спортшыны жеңіп, ардагерлер арасында үшінші рет әлем чемпионы атанды.