Мемлекеттік шекараның жүріп-тұру қиын ауданында - таулы жерде жүріп шекарашыларды байқап қалған белгісіз адамдар Қырғызстан аумағына қарай қашып бой тасалады. Жылқылар уақытша бекеттің аумағында тұр. Аталған дерек бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда.
11:27, 26 Қазан 2015
Қырғызстаннан шекара арқылы 10 жылқыны айдап өтпек болғандардың жолы кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз шекара отрядының «Гранитогорск» уақытша бекетінің шекарашылары белгісіз адамдардың Қырғыз Республикасынан біздің елімізге қарай 10 жылқыны өткізбек болған әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.