Қырғызстанның экс-президентін ұстау операциясы: 45 адам зардап шекті

Фото: None
БІШКЕК. КАБАР - ҚазАқпарат – Түнгі сағат 03:00-дегі жағдай бойынша, Бішкек қаласы мен Шу облыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпен 45 адам түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің Денсаулықсақтау министрлігінен мәлім еткендей, зардап шеккендердің арасында Шу облыстықІшкі істер бас басқармасының басшысы Самат Құрманқұлов бар. Оған «бассүйек-миыныңжабық жарақаты, мидың шайқалуы, сондай-ақ ауыр дәрежедегі мидың қатты соғылуы»диагноздары қойылып отыр. Ота жасалды (бассүйекті трепанациялау). Дәрігерлер оның операциядан кейінгі халін «асаауыр» деп бағалауда. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзге зардапшеккендердің арасында 22 адамға «жабық бассүйек-миының жарақаты, бас миыныңшайқалуы» диагноздары қойылған, 13 адамға резеңке оқ тиген, 2-уінің денесініңәр жеріне зақым тиген, 4 адамға оқ тиген, тағы 4-еуі денесіне соққы алған.

Олардың ішінен1 зардап шегуші амбулаторлық емделуге жіберілді, жарақат алған арнайы жасақтың1 сарбазы кеуде қуысына тиген оқтан ота кезінде көз жұмды. Қазіргі таңда 43адам стационарлық ем қабылдауда.

ҚырғызРеспубликасы ІІМ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, милиция халықпен соқтығысыпқалмау үшін Қой-Таш ауылынан кетіп қалған. Дәл қазір милиция штаттық режімдежұмыс жасап, қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың қауіпсіздігінқамтамасыз етіп отыр.

Мәлім етілгендей, құқыққорғау органдары тарапынан азаматтарға қатысты атыс қаруықолданылған жоқ. Қару А.Атамбаевтың үйі тарапынан атылған.

ҚырғызРеспубликасы Жогорку Кенешінің баспасөз хатшысы Ибраим Нұракунұлының мәліметінше,Қырғызстан Парламенті кезектен тыс отырыс өткізеді. Ол елдің бұрынғы президентіАлмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операцияға байланысты Жогорку Кенештіңкезектен тыс отырысын өткізу жөнінде парламент спикері Дастанбек Жұмабековпенсөйлескенін атап өтті.

Ескесалайық, кеше А.Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйде атыс болып, Шу облыстықІІББ-нің жедел тергеу тобы милицияға түскен қоңырау бойынша оқиғаорнына аттанды.

Айтакетсек, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылық мәртебесіналып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатысты депутаттартарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылды.Комиссия жұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айып тағу шешімі қабылданды.Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бесэпизодты қалдырды.

Арнайы операция барысында оқиға орнына Шу облысынан жеделжәрдемнің - 5, Бішкектің 3 бригадасы аттанды.

Соңғы жаңалықтар