ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі Жалпақтал полиция бөлімінің сақшылары ұрланған қырық ешкіні тауып, иесіне қайтарды.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «шек-шек келгірлердің» қолды болғаны жөнінде полицияға шаруа қожалығының басшысы хабарлаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында ұрылардың көршілес Жаңақала ауданы Мәстексай ауылынан келгені анықталды. Екі барымташы 1988 жылғы, оның біреуі ішкі істер органдарында есепте тұрады. Ұрлыққа ауызданып жүрген үшіншісі 21 жаста. Бұлардың бәрі де еш жерде жұмыс жасамайды, шамасы, ұрлықты кәсіп қылып жүрсе керек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).