Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статитика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
Агенттіктің мәліметінше, 2010 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3651,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 11,8 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда - 7,5 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 20,4пайыз, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 9,4 пайыз, сумен жабдықтауда: кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуде бақылауда - 7,9 пайыз өндіріс өсімі байқалды. 2010 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 200,3 млрд. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,7 пайызға артты.