Бұл туралы бүгін Еуразия гуманитарлық институтында жұртшылықпен кездескен аталмыш аудан әкімі Сапар Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімнің айтуынша, ағымдағы жылы Алматы ауданында 20 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 2011 жылы Қысқы Азия ойындары өткізілетін «Қазақстан» және «Алатау» спорт кешендері орналасқан - Мұңайтпасов көшесі күрделі жөндеуден өтетін болады. Аталмыш шара қарсаңында қайта қалпына келтіру жұмыстары сондай-ақ, Тәуелсіздік көшесі мен Абылай хан даңғылында жүргізілмек.
С.Ахметов, бұл іс-шаралардан ауданға қарасты кенттер мен шағын аудандардағы көшеаралық жолдар да тыс қалмайды, деді. Мәселен, жоспарда Казгородок пен басқа да кенттер және Оңтүстік-шығыс шағын ауданы бар.
Ал Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің өкілі Ысмайылов Амангелдінің: «Жұмабаев көшесінде жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?» - деген сауалына: «Аталмыш учаскеде жер асты коммуникациялық жүйелерді тарту жұмыстары жоспар бойынша үстіміздегі жылы аяқталып, көше қиылыстарында бағдаршамдар орнатылатын болады», - деген жауап алды.