деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан өзіндік астық экспортының инфрақұрылымын құру барысында Каспий теңізінің астық терминалының қуаттылығын арттыру шаралары жүзеге асады. Қазіргі күні Ақтау-Баку-Әмірабад инфрақұрылымының астық өткізу қуаты жыл сайынғы 50-55 мың тоннаға дейін жетіп отыр. Сонымен бірге, ирандық әріптестерімізбен бірлесіп парсы шығанағына шығуға мүмкіндік беретін Имам Хомейни портында астық терминалын салу зерттеліп жатыр. 2011 жылы Қытайдың шекарасында теміржолдың астық терминалын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Ресей аумағындағы Қара теңіз немесе Азов теңізінде астық терминалын салу немесе оған иелік ету мәселесі қарастырылуда. Бұндай дәліздер алдағы уақытта Қазақстанның Еуропалық одаққа, Таяу және Солтүстік Шығысқа, Солтүстік Африка елдеріне астық экспортының негізгі бағыттары бола алады», деді Ө. Шөкеев.
Сонымен бірге, Ө. Шөкеев өткен жылы еліміздегі Бейнеу стансысында элеватор кешені салына басталғанына тоқталып өтті. Оның айтуынша, аталған нысан қазақстандық астықты Түрікменстан мен Ауғанстанға қарай бағыттауды арттыру қуатын иеленеді.
«Астық экспортын белсендіре түсу мақсатында Қытай аумағынан транзиттеу құнын арзандатуға қатысты келіссөздер жүргізілуде. Бұндай Үкіметтің қаулы жобасына сәйкес, өткізілген астықтың тоннасын 40 долларға дейін арзандату көзделеді. Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комиссиясының 5-ші отырысының шешіміне сәйкес, қазақстандық астықты Қытайға және Қытай аумағы арқылы үшінші елдерге жеткізу мәселелері қарастырылуда. Мен бұл ретте біздің тарихымызда алғаш рет 20 мың тонна астық Қытайға экспортталғанына тоқталғым келеді. Ал қазіргі күні Қытай арқылы транзитпен Кореяға 600 мың тонна астық тасымалдау туралы келісім жасалуда», деді Ө. Шөкеев.