деп хабарлайды ҚазАқпарат BIKE.kz. сайтына сілтеме жасап.
Д.Петрухинге дейін де талай байкерлер Қытай шекарасы арқылы өтуге тырысып көрген болатын, бірақ ҚХР үкіметі оларға рұқсат бермей келген еді. Аспанасты мемлекетін бағындырған қазақстандық байкерді халықаралық байкерлер қоғамдастығының өкілдері әріптесін алғашқы із салушы - батыр ретінде мойындайтын болады.
Өзінің мотокөлігіне ендігі жерде Қытай жалауының ілінетінін байкер мақтаныш тұтады. Ол ел жүрегі - Бейжіңге дейін алда әлі 5000 шақырым жол жатқанын хабарлады.
Қытай Д.Петрухиннің Қысқы Азиада-2011 ойынын насихаттауға арнаған екінші дүниежүзілік сапарындағы 70-інші ел атанып отыр.