Қытай Бішкектегі және Қырғызстанның басқа да аудандарындағы жағдайға алаңдап отыр

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Достас көрші ел ретінде Қытай, Бішкектегі және Қырғызстанның басқа да аудандарындағы жағдайдың барысына алаңдап отыр,

деп мәлім етті Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй ханым.

Қытай сыртқы саясат ведомствосының сайтына сәуірдің 8-іне қараған түні орналастырылған мәлімдемеде, Қырғызстандағы жағдайдың жақын арада ретке келетіндігіне Қытайдың үмітті екені хабарланған.

«Біз жағдайдың тезірек реттелетіндігіне, сондай-ақ барлық мәселелер заң негізінде шешілетініне шын үміттенеміз», - деп атап көрсетеді Қытай дипломаты өз мәлімдемесінде.

Қырғызстандағы жағдайдың реттелуі қырғыз халқының мүддесіне сай келеді, сондай-ақ аймақтағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға қолдау болады, - деді Цзян Юй өз сөзінде.