Қытай иероглифтерінің тұңғыш мұражайы ашылды

АСТАНА. Қарашаның 23-і ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасында иероглифтердің тұңғыш мұражайы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Мұражай Аньян қаласында (Хэнань провинциясы) орналасқан. Онда 1899 жылы тұңғыш цзягувэнь - балгерлік үшін пайдаланған жануарлардың сүйектеріне және тасбақалардың қабықтарына жазылған иероглифтік жазулар табылған. Цзягувэнь біздің жыл санауымызға дейінгі XIV - XI ғасырларға жатады және қытай жазуларының ең көне үлгілерінен саналады.

Мұражайда қытай жазуларының бүкіл тарихы жүйеленіп берілген. Мысалы, Шан (б.д.д. 1600-1046 жылдар) және Чжоу (б.д.д. 1066-256 жылдар) әулеттерінің кезеңдеріне жататын тастағы және қола ыдыстардағы иероглифтік жазулар, сондай-ақ ежелгі мөрлер, шақалар және каллиграфия туындылары ұсынылған. Қытайдағы ең көп тараған Хань ұлыстарының иероглифтерімен қатар, мұражайда ҚХР ұлыстары пайдаланып отырған 40-қа жуық жазу үлгілері көрсетілген.

«Жэньминь жибао» басылымының хабарлауынша, мұражайға арналған маңдайшаны Қытай Орталық Компартиясы Орталық Комитетінің 1989-2002 жылдардағы бас хатшысы өз қолымен жазаған.