Қытай мен Үндістан әлемдік экономикалық өсімнің қозғаушы күші болады - Стратегиялық зерттеулер институтының директоры

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемнің экономикалық дамуындағы 3 орталық АҚШ-Еуропа одағы-Жапония түсінігі ескірді.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, Еуропалық одақ экономикасында 3  тоқсан бойы кері кету жүріп жатыр. 2013 жылы Франция, АҚШ экономикасында  болжам бойынша жалпы ішік өнім өсімі 0,3-04 пайыз болмақ және  тек 2014 жылы экономикалық жандану басталмақ.

 «Қытай таяу уақытта  өнеркәсіп өндірісі  бойынша АҚШ-ты басып озып әлемде бірінші орын алады. Әлемнің экономикалық дамуындағы 3 орталық түсінігінің ескіруіне біз енді сыртқы саясатта ерекше мән беруміз керек», - дейді Б.Сұлтанов. Оның сөзіне қарағанда, ғаламдық демографиялық тепе-теңдік өзгеруде. Ғаламшар тұрғындарының саны 1804 жылы 1 миллиард адамды құраса, 1959 жылы 3 миллиардқа, 2011 жылы 1 қазанда  7 миллиардқа жетті. Енді 2025 жылы 8 миллиард, 2050 жылы 9 миллиард адамға ұлғаймақ. Ал өсім негізінен Азияда орын алмақ. Мәселен ең тұрақсыз Ауғанстан еліндегі тұрғындар  саны 1959 жылы 16,4 миллион болса, 2011 жылы 28 миллион адамға жетті.