Шетелдік фильмдердің қытай экранына шығуын шектеуге бағытталған Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің циркулярында осы мәселе көтеріліп отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Өкіметті қытайлық киноәуесқойларды өздеріне тәнті еткен «Аватар» және «2010» фильмдерінің табысы алаңдатып отыр. Аталмыш екі фильм Қытайда прокатшыларға 1 миллиард юань (147 миллион доллар) пайда әкелді.
2009 жылы қытайлық прокатшылардың жалпы кассалық пайдасының 45 пайызын шетелдік фильмдер құраған, деп жазады «Чайна дейли» басылымы. Дейтұрғанмен, кейбір сарапшылар, бұл шектеу шаралары «пираттық» бейнеөнімдер нарығының өсуіне себеп болады деп санайды.