Қытай үкіметі шағын сыйымдылықты автокөліктерге салықты арттырмақшы

АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі келесі жылдан бастап шағын сыйымдылықты автокөліктерге (қозғалтқышы 1,6 литрлік автомобильдер) салынатын салықты, мәшиненің бағасына қарай 5-тен 7,5 пайызға дейін арттырмақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Қытайда шағын сыйымдылықты автокөліктерді сатып алуға салынатын салық 2009 жылдың басында екі есе - 10-нан 5 пайызға дейін - жаңа автомобильге деген сұранысты ынталандыру үшін төмендетілген болатын. Бұл шараның нәтижесі іс жүзінде бірден көрініс тапты: сату екі есе өсті. Жыл бойы Қытайда ай сайын миллионға жуық жаңа автомобильдер сатылған. 12 айдың қорытындысы бойынша мәшинеге деген сұраныс 2008 жылмен салыстырғанда 44 пайызға артқан.