Қытайда адамдар ұрлағаны үшін 25 адам өлім жазасына кесілді

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Қытайда сот адамдарды ұрлаған деген айыппен 25 адамды өлім жазасына кесті.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласының өкіметі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Айыптаушы тарап, әлгілердің пайда таппақ болып адам ұрлаған 9 оқиғасын дәлелдеп отыр.

Оған қоса, сот тағы төрт адамды 10 жылдан 12 жылға дейінгі аралықтағы мерзімге, тағы 26 адамды - 20 жыл және одан да көп жылға колонияға кесті. Ал олардың тұтқынында отырып қаза тапқан жеті адамның отбасы ел өкіметінен 150 мың юань (22 мың доллар) көлемінде ақшалай жәрдемақы алады.