52 жастағы азамат аталмыш тікұшақты Ганьчжоу қаласындағы үйінде құрастырып бастаған екен. Өзінің құралына ауылшаруашылық мақсатында қолданып келген мотоциклдің қозғалтқышын пайдаланған. Ұшатын аппаратын ол темір мен тот баспайтын болаттан жасады. Бұған қоса, тікұшаққа жылдамдатқыш, тіркеу, джойстик сынды қосымша құрал-жабдықтар орнатқан.
Жақында аталған тікұшақ сынақтан өткізу кезінде жерден 40 см биіктікке көтерілді, деп жазады агенттік The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.