Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу істері бойынша мемлекеттік комитет мәлімдеп отыр.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, өткен сенбі күні қоздырғыштың жаңа түрі Қытай астанасы Бейжіңге де жеткен. Қытай билігі бар күш-жігерді аталмыш қауіпті кеселмен күреске жұмылдыруға шақырып отыр.
«Науқастарға белсенді және нәтижелі медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Юндун аталмыш вирус алғаш табылған Қытайдың шығыс провинцияларын аралау барысында.