«12 қыркүйек күні Бейжің метросының «Әлемнің батыс қақпасы» стансасында 84 жастағы қария есінен танып қалған. Сюаньу клиникасына тағылымдамадан өтуге келген қазақстандық студент Ғалымжан Исабеков қарияға бірден жедел көмек көрсеткен. Ол тыныс алмай жатқан қарияға жасанды тыныс жасап, тиісті көмектерді көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін есін жинатқан», деп жазады «Бейжің таңы» газеті.
09:42, 16 Қыркүйек 2017
Қытайда қазақ студенті қарияны өлімнен арашалап қалды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Қазақстандық студент Ғалымжан Исабеков Бейжің метросында есінен танып қалған қытайлық қарияға дер кезінде медициналық көмек көрсетті. Студенттің әрекеті жергілікті БАҚ пен интернет пайдаланушыларының ризашылығын тудырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.